Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 28 мың 576-ға жетті

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газада жасаған 11 қырғында 103 адамның қаза тапқаны білдірілді.

2102366
Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 28 мың 576-ға жетті

Израильдің Газа секторына 131 күннен бері жасаған шабуылдарында қаза тапқан адам саны 28 мың 576-ға артты.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газада жасаған 11 қырғында 103 адамның қаза тапқаны, 145 адамның жараланғаны білдірілді.

Газада 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарда қаза тапқандардың жалпы саны 28 мың 576-ға, жараланғандар санының 68 мың 291-ге жеткені хабарланды.

Мәлімдемеде сондай-ақ Газа секторында үйінділер астында және жол бойында әлі де өлі адамдардың бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар