Ресей Украинаға тағы шабуыл жасады

Ресей Украинаға ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасаған шабуылынан 7 адам қаза тапты.

2100376
Ресей Украинаға тағы шабуыл жасады

Украинаның Харьков облысында Ресейдің ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуылынан 7 адам қаза тапты.

Харьков облысы Әскери басқармасының төрағасы Олег Синегубов әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей армиясының Харьков облысында түнде «Шахед» типті ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Синегубов шабуылда үшеуі бала 7 адамның қаза тапқанын білдірді.

Ресейдің  ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуылда  15-тен астам үйдің зақымдалғаны хабарланды.

Украина Бас штабынан жасалған мәлімдемеде Ресейдің 26 «Шахед» типті ұшқышсыз әуе аппараты арқылы Украина территориясына шабуыл жасағаны баяндадлды.

Мәлімдемеде 18 ұшқышсыз әуе аппараттың жойылғаны айтылған.

 



Ұқсас жаңалықтар