Қытайдағы жер сілкінісінде 148 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу уәлаятында болған 6,2 балдық жер сілкінісінде 148 адам қаза тапты.

2079836
Қытайдағы жер сілкінісінде 148 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу уәлаятында болған 6,2 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 148-ге жетті.

Жергілікті билік тарапынан  жасалған мәлімдемеге қарағанда, Ганьсу уәлаятында 117 адам, көрші Цинхай аймағында  31 адам қаза тапқан.

Осылайша, жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 148-ге жетті.

Қытай жер сілкінісі желілерінің орталығы (CENC) 6,2 балдық жер сілкінісі 18 желтоқсанда түн ортасына бір минут қалғанда орын алғанын, эпицентрі Цишишан Баоань Донсяң мен Салар автономиялық округінде болғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар