Оңтүстік Кореяда сиыр шешегі вирусы анықталды

1929 жылы Африкада алғаш рет пайда болған ауру Азия құрлығында тұңғыш рет 2019 жылы байқалған.

2055836
Оңтүстік Кореяда сиыр шешегі вирусы анықталды

Оңтүстік Кореяда ел көлемінде сиыр шешегі вирусын жұқтырған 29 науқас тіркелді.

Оңтүстік Корея билігі елде сәрсенбіде алғаш рет байқалған сиыр шешегі (тері ауруы) індетінде ауру малдың саны 29-ға жеткенін растады.

Денсаулық сақтау мекемелері аурудың алдын алу үшін екпе науқанын бастады.

Мамандардың айтуына қарағанда вирустық тері ауруы шыбын, маса және кене сияқты қан соратын жәндіктер арқылы жұғады. Ауру жоғары температура мен тері бөртпелеріне себеп болады.

1929 жылы Африкада алғаш рет пайда болған ауру жылдар бойы басқа аймақтарда да кездесті. Ауру алғаш рет Азия құрлығында 2019 жылы байқалған.



Ұқсас жаңалықтар