АҚШ вето жариялады

Газаға гуманитарлық көмек көрсету үшін соғыс қимылдарын «тоқтатуға» шақыратын резолюция жобасына вето жариялады.

2052932
АҚШ вето жариялады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Газаға гуманитарлық көмек көрсету үшін соғыс қимылдарын «тоқтатуға» шақыратын резолюция жобасына вето жариялады. 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстарға байланысты жиын өткізді. АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету үшін Израиль мен Хамас арасындағы қақтығысты «кідіртуге» шақырған жиында қарар жобасына вето қойды.

Бразилия дайындаған қарар жобасын 12 мүше қолдаса, Ресей мен Ұлыбритания қалыс қалды. Резолюция  жобасында Хамастың шабуылдары да айыпталған.

Сондай-ақ жобада бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық, дұшпандық пен лаңкестік әрекеттердің барлық түрін айыптап, кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босату талап етілген.

Атысты тоқтатуға байланысты  Ресейдің ұсынысы да дүйсенбі күні вето етілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар