Израильдегі шетел азаматтары эвакуациялануда

Грекия Израильдегі тағы 90 азаматын эвакуациялағанын хабарлады.

2049178
Израильдегі шетел азаматтары эвакуациялануда

Көптеген елдер өз азаматтарын Израильден шығару жұмыстарын жалғастыруда.

Германия өз азаматтарын Израильден эвакуациялауға дайындалуда. Германияның «Lufthansa» әуе компаниясының Израильге 4 рейс жасайтыны айтылған.

Грекия Израильдегі тағы 90 азаматын эвакуациялағанын хабарлады.

Бразилия президенті Лула да Силва эвакуацияға жіберілген алғашқы ұшақтың Тель-Авивке қонғанын мәлімдеді.

Аргентина да Израильден өз азаматтарын елге апару мәселесін қарастыруда. Аргентина лауазым иелері өз азаматтарын қайтару үшін түрлі келіссөздер жүргізгендерін мәлімдеді.

Колумбия да өз азаматтарын эвакуациялау үшін Израильге әскери ұшақ жіберетінін білдірді.

Италия өз азаматтарын Израильден елге апара бастады. Бірінші кезеңде ел астанасы Римге 200 адам жетті.



Ұқсас жаңалықтар