АҚШ-тан Израильге қолдау

АҚШ Президенті Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

2047706
АҚШ-тан Израильге қолдау

АҚШ Президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттарының Израильмен бірге екенін және Тель-Авивтің өзін қорғау құқығын қолдайтындарын атап көрсетті.

Израиль премьер-министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Байден АҚШ-тың Израильмен бірге екенін және Тель-Авивтің өзін қорғау құқығын қолдайтынын айтты.

Нетаньяху Байденге сөзсіз қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, «Израиль соңында жеңіске жететін ұзақ және күшті бір операцияның маңызды екенін» айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен болса АҚШ-тың Израильге Хамас жасаған шабуылдарды айыптағанын және Израильдің өзін қорғау құқығын қолдайтынын айтты.

Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде Блинкен «Терроризмді ешбір жолмен ақтау мүмкін емес. Израиль үкіметі және халқымен ынтымақтасамыз, бұл шабуылдарда қаза тапқан израильдіктерге көңіл айтамыз» деді.

«Израильдік әріптестерімізбен тығыз байланыста боламыз» деген Блинкен АҚШ-тың Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын қолдайтынын айтты.

АҚШ Қорғаныс министрлігі болса Израильдің өзін қорғау үшін не қажет болса қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар