Ресей-Украина соғысының тоқтайтын түрі жоқ

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Мәскеу және Брянск облыстарына жасалған шабуыл әрекетін тосқанын білдірді.

2029782
Ресей-Украина соғысының тоқтайтын түрі жоқ

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Мәскеу және Брянск облыстарына ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуыл әрекеттеріне тосқауыл қойылғанын хабарлады.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде түнде Киевтің Ресей аумағына ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасамақ болғаны айтылған.

Мәлімдемеде «2 ұшқышсыз әуе аппараты  әуе қорғаныс жүйесі тарапынан Брянск облысының әуе кеңістігінде атып түсірілді» делінді.

Министрліктің тағы бір мәлімдемесінде бүгін сағат 04.30 шамасында Украинаның Мәскеуге жасалған шабуыл әрекетінің алды алынғаны және бір ұшқышсыз әуе аппаратының  Мәскеу облысындағы Люберцы қаласының әуе кеңістігінде жойылғаны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар