100 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Сутлеж өзенінде осы аптада да су тасқыны болуы мүмкін.

Пәкістанның Пенджаб уәлаятында муссон жаңбыры салдарынан болған су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан соңғы 3 аптада 100 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Іздестіру-құтқару органдары жасаған мәлімдемеде Сутлеж өзенінің тасуы мен маңайдағы аумақтарды су басып кетуіне байланысты жұмыстардың кеңейтілгені айтылды.
Мәлімдемеде эвакуация жұмыстарының басым бөлігінің Бахавалпур және Касур аймақтарында жүргізілгені білдіріліп, соңғы 3 аптада 100 мыңнан астам адамның эвакуацияланғаны атап өтілді.
Пәкістанның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігі де қазіргі уақытта Рави өзеніндегі су деңгейі қалыпты екенін, бірақ Сутлеж өзенінде осы аптада да су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар

Украинаның НАТО-ға мүшелігі: Дания өзгеше пікірде
Дания Украинаның НАТО-ға мүшелігі мәселесінде Америка Құрама Штаттарынан өзгеше пікірде.