Гавайи штатындағы орман өртінде 114 адам көз жұмды

АҚШ-тың Гавайи штатында 9 тамыздан бері жалғасып келе жатқан орман өртінде қаза тапқандар саны 114-ке жетті.

2026717
Гавайи штатындағы орман өртінде 114 адам көз жұмды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Гавайи штатында 9 тамыздан бері жалғасып келе жатқан орман өртінде қаза тапқандар саны 114-ке жетті.

Гавайи губернаторы Джош Грин көбісі қираған тарихи қала Лахайнада кеше тағы 3 адамның мәйіті табылғанын, осылайша орман өртінде қаза тапқандар санының 114-ке жеткенін мәлімдеді.

Лахайнаның Гавайи үндістерінің мәдениетін сақтай отырып, тірі ескерткіш ретінде қайта салынатынын айтқан Грин «Өкінішке орай, біздің ел бір ғасырдан астам уақыт ішінде көрген ең жойқын өртте Лахайнадан айырылуымызға бір күннен аз уақыт кетті» деді.

Мауи аралының «күлден қайта тірілетінін» атап көрсеткен Грин ненің қайта салынатынын халық белгілейтінін айтты.

Мауи аралының «күлден қайта тірілетінін» атап көрсеткен Грин ненің қайта салынатынын халық белгілейтінін айтты.

Туристерді Батыс Мауиге бармауға шақырған Грин Мауидің барлық басқа бөліктері мен Гавайидің қалған бөліктеріне баруға қауіпсіз екенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар