Зеленский Запорожье облысындағы әскери бөлімдерді аралады

Украина Президенті Владимир Зеленский Запорожье облысындағы әскери бөлімдерді аралады.

2025155
Зеленский Запорожье облысындағы әскери бөлімдерді аралады

Украина Президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Запорожье бағытында операция жүргізіп жатқан бригадаларды аралап, олардың мәселелері мен мұң-мұқтаждарын талқылағанын, сондай-ақ командирлердің соғыс барысы туралы көзқарастарын тыңдағанын айтты.

Запорожьедегі «жедел хирургия» бөліміне тексеру жүргізгенін түсіндірген Зеленский «Мұнда Таврия бағытында сарбаздарға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл жерде күн сайын 200-ге жуық жаралы емделіп жатыр» деді.

Украина Президенті Зеленский сапары барысында жауынгерлерге марапаттар тапсырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар