Суданда әуе кеңістігі жартылай ашылды

Судан азаматтық авиация басқармасы хабарлама жасады.

2025274
Суданда әуе кеңістігі жартылай ашылды

Судан Азаматтық авиация басқармасы елдің шығысындағы әуе кеңістігінің жартылай ашылғанын хабарлады.

Мекеме жасаған мәлімдемеде Қызылтеңіз уәлаятына қарасты Порт-Судан қаласындағы халықаралық Порт-Судан әуежайының 15 тамыз күнінен бастап азаматтық рейстерге ашылғаны хабарланды.

15 сәуір күнінен бері армия мен Жедел қолдау күштері (ЖҚК) арасында қақтығыстар жалғасып жатқан Суданда эвакуация және гуманитарлық жәрдем рейстерінен басқа ұшақтарға әуе кеңістігі жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар