Ресей-Украина соғысының тоқтайтын түрі жоқ

Ресей Украина территориясына ұшқышсыз әуе аппараттары және «Калибр» зымырандарымен бірнеше рет шабуыл жасады.

2024005
Ресей-Украина соғысының тоқтайтын түрі жоқ

Ресейдің 15 «Шахед» типті ұшқышсыз әуе аппараты және 8 «Калибр» зымыранымен Украинаға шабуыл жасағаны хабарланды.

Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығынан жасалған мәлімдемеде өткен түнде Ресейдің Украина территориясына ұшқышсыз әуе аппараттары және «Калибр» зымырандарымен бірнеше рет шабуыл жасағаны айтылды.

Ресей армиясының ұшқышсыз әуе  аппараттарын оңтүстік-шығыстан және зымырандарын Қаратеңізден ұшырғаны туралы мәлімдемеде «Дұшпан 15 Шахед-136/131 ұшқышсыз әуе аппараты мен 8 "Калибр" зымыранын пайдаланды. Әуе қорғанысы күштері қорғаныс күштерінің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, барлық нысаналарды жойды» деді.

Зымыран мен ұшқышсыз әуе апараттардың  бөлшектері құлаған Одесса қаласының бірнеше жерінде өрт шыққаны, оқиға орнында іздеу-құтқару топтарының жұмыс істеп жатқаны хабарланды.

Мәлімдемеде Ресей тікұшағының жергілікті уақыт бойынша сағат 05.00 шамасында Бахмут бағытында зымыран қорғанысы бөлімшелері тарапынан атып түсірілгені білдірілді.

Енді бір жағынан, Украина Президенті Владимир Зеленский өзінің жазбасында Қырым көпіріндегі шабуылдардың «Ресей жасаған қылмыстарға жауап» екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар