Ресей армиясы Украина жерінде жылжуда

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады.

2021889
Ресей армиясы Украина жерінде жылжуда

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков ресейлік әскери бөлімшелер Украинаның Харьков облысындағы Купянск бағытында маңызды позицияларды басып алғанын хабарлады.

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы әрекеттеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей қарулы күштерінің шабуылдарын жалғастырғанын айтқан Конашенков «Купянск бағытында «Батыс» әскерлер тобының шабуылдаушы отрядтары кең майдандағы шабуыл операциялары кезінде Харьков облысындағы Ольшана поселкесінің маңында тиімдірек позицияларды басып алды» деді.

Конашенковтың айтуынша, осы уақытқа дейін Украина армиясына тиісті 458 ұшақ, 245 тікұшақ, 5 мың 565 ұшқышсыз ұшу аппараты, 428 әуе қорғанысының зымырандық жүйесі, 11 мың 185 танк пен броньды техника, 1144 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 5 мың 803 гаубица мен миномет, 12 мың 137 арнайы  әскери көлікті жойғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар