БҰҰ: "Қасиетті кітаптар мен орындарды қорлау қабылданбайды"

БҰҰ өкілі Дюжаррик қасиетті кітаптар мен орындарды қорлаудың қабылданбайтынын білдірді.

2014240
БҰҰ: "Қасиетті кітаптар мен орындарды қорлау қабылданбайды"

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик қасиетті кітаптар мен орындарды қорлаудың қабылданбайтынын білдірді.

Күнделікті баспасөз мәслихатында Дюжаррик Швецияның Ирактағы елшілігіне жасалған шабуыл және Швецияда Құранды қорлау сияқты оқиғаларды алаңдаушылықпен қадағалағандарын білдіріп, «Бізге керек нәрсе - өзара құрмет» деді.

«Қасиетті кітаптар мен орындарды құрметтемеуге болмайтынын өте анық түсіндірдік»  деген Дюжаррик мұндай әрекеттердің басты мақсатының арандату екеніне назар аударды.

Адамдардың арандатуға келмеуінің де маңызды екенін мәлімдеген Дюжаррик адамдардың басқа дінді құрметтеп, зорлық-зомбылықтан аулақ болуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар