Келісімнің мерзімін созу үшін келіссөз жүріп жатыр

Дюжаррик келісімнің жаһандық аштықпен күресу үшін маңызды екенін атап өтті.

2009524
Келісімнің мерзімін созу үшін келіссөз жүріп жатыр

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 17 шілдеде аяқталатын Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің мерзімін созу үшін келіссөздердің жалғасып жатқанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің де процеске «етене» қатысқанын айтты.

«Келісімді толық орындау және мерзімін созу  үшін бар күшімізді саламыз» деген Дюжаррик келісімнің жаһандық аштықпен күресу үшін маңызды екенін атап өтті.

Ол БҰҰ-ның бұл мәселеде Ресей, Украина және Түркиямен байланысын жалғастырғанын атап көрсетті.  

Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының әлемдік азық-түлік бағасына әсерін азайту үшін БҰҰ, Ресей, Түркия және Украина 2022 жылы 22 шілдеде Стамбулда Қаратеңіз астық дәлізі келісіміне қол қойған болатын. Бұған дейін бірнеше рет созылған келісімнің мерзімі 17 шілдеде аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар