Украина Мәскеуге шабуыл жасамақ болды

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Мәскеу облысына ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасамақ болғанын хабарлады.

2006742
Украина Мәскеуге шабуыл жасамақ болды

Министрліктен жасалған мәлімдемеде «Бүгін таңертең Киев режимінің 5 ұшқышсыз әуе аппаратымен Мәскеу облысы мен Новая (Жаңа) Мәскеудегі нысандарға қарсы террор шабуылы тоқтатылды» делінді.

Мәлімдемеде ұшақтардың 4-інің Ресейдің әуе қорғанысы жүйесі тарапынан жойылғаны, 1-інің электронды құралдармен бөгелгені және аймаққа түскені, сондай-ақ  оқиғада шығынның болмағаны атап өтілді.

Енді бір жағынан Мәскеу мэрі Сергей Собянин ел астанасы Мәскеудегі Внуково халықаралық әуежайында ұшқышсыз әуе апараттарымен шабуыл жасау әрекеті салдарынан қауіпсіздік шаралары қабылданғанын хабарлады.

Әуежайға қонатын ұшақтардың кейбірінің басқа әуежайларға жіберілгенін білдірген Собянин жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де әуежайдың қалыпты жұмыс жағдайына оралғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар