АҚШ-та мыңдаған өлген балық жағаға шықты

Бразориа және Кинтана аудандарының лауазымдылары  «мыңдаған өлген балық шоғырларының жағаға шығуы жалғасып жатқандықтан» бұл процестің қанша уақытқа созылатыны белгісіз екенін хабарлады.

1998518
АҚШ-та мыңдаған өлген балық жағаға шықты
abd olu balik.jpg
abd olu balik1.jpg

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Техас шығанағы жағалауында мыңдаған өлі балық жағажайға шықты.

Техастың Бразориа және Кинтана аудандарының лауазымдылары жұмадан бері жағажайда мыңдаған балық суға шайылып келгенін және тағы мыңдаған балықтың жағаға шығуы күтілгенін мәлімдеді.

Аудан билігі "Facebook" парақшаларында халықты жағажайға бармауды ескертті, тазалау жұмыстары жалғасып жатқанын және «мыңдаған өлген балық шоғырларының жағаға шығуы жалғасып жатқандықтан» бұл процестің қанша уақытқа созылатыны белгісіз екенін хабарлады.

Аудандағы "Quintana Beach" паркінің басшылары судағы оттегі деңгейінің ауа температурасының шектен тыс жоғарылауы салдарынан тез төмендегенін, бұл балықтардың жаппай қырылуына себеп болғанын айтып, жағаға шыққан ондаған мың балық түрінің суреттерімен бөлісті.

Лауазымдылар жағажайға шыққан балық түрлерінің көпшілігін құрайтын майшабақ балығының аймақтың экожүйесінде «маңызды рөл» атқаруы себепті балықтардың қырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін білдірді.

2019 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған рапортта мұхит суының жылынуы балық популяциясына қауіп төндіретін жағалау суларында оттегінің төмен деңгейінің жиілігін арттырды деген қорытынды шығарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар