Сауд Арабиясы Түркия қатарлы елдермен ынтымақтастықты күшейтеді

Сауд Арабиясы Қытай, Франция, Өзбекстан және Түркия сияқты елдермен серіктестік жобаларын талқылауға шешім қабылдады.

1984565
Сауд Арабиясы Түркия қатарлы елдермен ынтымақтастықты күшейтеді

Сауд Арабиясы Қытай, Франция, Өзбекстан және Түркия сияқты елдермен әртүрлі салалардағы ынтымақтастық және серіктестік жобаларын талқылауға шешім қабылдады.

Сауд Арабиясының ресми ақпарат агенттігінің (SPA) хабарлауынша, Сауд Арабиясының королі Салман бен Абделазиздің  төрағалығымен Жидда қаласындағы  Министрлер кеңесі отырысында Қытай тарапымен жоғары деңгейдегі ортақ комитет  құру туралы келісімді талқылау  шешім қабылданды.

Министрлер кеңесі сондай-ақ Түркия мен екі ел үкіметтері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылауға шешім қабылдады.

Франция үкіметімен Стратегиялық әріптестік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум жобасы бойынша, ал Өзбекстан тарапымен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылданды.

Кеңес сондай-ақ Қызыл теңіз бойынша тұрақты ұлттық стратегияға келісті.



Ұқсас жаңалықтар