Йемендегі төбелесте 78 адам қаза тапты

Санадағы кейбір кәсіпкерлер Ораза айт мерекесіне орай қайырымдылыққа ақша таратпақ болды.

1977423
Йемендегі төбелесте 78 адам қаза тапты

Йеменде хоуситтердің бақылауындағы Сана қаласында ақшалай көмек тарату кезінде төбелес болып, 78 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алды.

Ораза айт мерекесі алдында Санадағы кейбір кәсіпкерлер қайырымдылыққа ақша таратпақ болды.

Алайда тарату кезінде төбелес басталып, 78 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алды.

Санадағы Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдулхалик әл-Асери аталған көмек шарасының Ішкі істер министрлігімен үйлесімсіз жүргізілгенін, сондықтан екі кәсіпкердің тергеуге алынғанын хабарлады.

Санадағы қауіпсіздік күштерінің аймаққа жіберілгенін атап көрсеткен Асери оқиғаға байланысты тергеу басталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар