Қытай Ресей мен Украинаға қару-жарақ сатпайды

Қытай Сыртқы істер министрі Цин Гань «Қытай қақтығыстың ешбір жағына қару-жарақ жеткізбейді» деді.

1975277
Қытай Ресей мен Украинаға қару-жарақ сатпайды
cin gang.jpg

Қытай Сыртқы істер министрі Цин Гань өз елінің Ресей-Украина соғысында сақтық пен жауапкершілікті ұстанғанын айтып, қақтығысушы тараптардың ешқайсысына қару-жарақ сатпауға уәде берді.

Қытайға барған Германия Сыртқы істер министрі Аннален Бербокпен Тяньцзинь қаласында өткен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында Цин Гань Қытайдың қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтайтынын баса айтты.

Елінің қару-жарақ пен оқ-дәрі экспортында сақтық пен жауапкершілікті ұстанғанын білдірген Цин Гань «Қытай қақтығыстың ешбір жағына қару-жарақ жеткізбейді және заң мен ережелерге сәйкес өнімдердің экспортын бақылайды» деген сөздер қолданды.

Украина дағдарысында барлық тараптардың байсалды әрекет етуі және шиеленісті арттыратын қадамдардан аулақ болу арқылы бейбіт келіссөздерді ынталандыру керектігін білдірген Қытай Сыртқы істер министрі «Егер бір тараптың қауіпсіздік мүдделері сақталмаса, дағдарыстар мен қақтығыстар сөзсіз болады» деді.

Цин Ганьның  сөздері Бейжің әкімшілігінің Ресейге қару-жарақ сатуы туралы ең айқын мәлімдемесі болды.



Ұқсас жаңалықтар