Әскери кеме жіберуге наразылық

"Артында Вашингтон әкімшілігінің құлдырауын жасыру әрекеті жатыр" деді.

1972499
Әскери кеме жіберуге наразылық

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Оңтүстік Қытай теңізіне әскери кемелер жіберуіне наразылық білдірді.

Кенани өзінің Twitter-дегі парақшасында былай деді: “Аймақта жаңа теңгерім қалыптасып, аймақтан тыс әскери күштерге қажеттілік қалмаса да, Америка Құрама Штаттарының батыс Азияға сүңгуір қайықтар немесе әскери кемелер жібергені туралы хабарлардың артында Вашингтон әкімшілігінің құлдырауын жасыру әрекеті жатыр.

АҚШ режимі батыс Азия аймағында соғысты қоздырып, тұрақсыздық пен қақтығысты ілгерілету арқылы аймақ халықтарының еркіне қарсы әрекет етті. Вашингтон жаңа шындықтарды түсініп, батыс Азия аймағы мен Парсы шығанағына араласу әрекетінен бас тартуы керек”.

Қытай Халық азаттық армиясының оңтүстік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Тянь Цзюнли АҚШ-тың «Arleigh Burke» класындағы басқарылатын зымыран эсминеці «USS Milius» Оңтүстік Қытай теңізіндегі Спратли аралдары маңындағы Қытайдың аумақтық суларына «басып кірді» деп мәлімдеген болатын.

Қытайдың Шығыс қолбасшылығы да 8-10 сәуір күндері Тайвань бұғазында жаттығу өтетінін хабарлаған еді.


Этикеттер: #Қытай , #Азия , #кеме , #АҚШ , #Иран

Ұқсас жаңалықтар