Медбикелер ереуілге шықты
Медбикелер 106 жыл ішінде бірінші рет жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты.
Ұлыбританияда жүз мыңдаған жұмысшы ереуілге шықты.
Елдегі білім, денсаулық сақтау, көлік, пошта қызметі сияқты көптеген салаларда ереуілдер толқыны жүріп жатыр. Соңында медбикелер жұмысын тастады.
Медбикелер 106 жыл ішінде бірінші рет жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты.
Ұлыбритания, Уэльс және Солтүстік Ирландияда 100 мыңнан астам медбике екі күндік ереуілге шықты.
Ел тарихында медбикелердің мұндай үлкен ереуілге шығуы бірінші рет.
Медбикелер жалақыны 19 пайызға көтеруді талап етті. Үкімет бұл көрсеткішті тым жоғары деп тапты.
Ереуіл аясында медбикелер жергілікті уақыт бойынша 08:00 мен 20:00 аралығында жұмыс істемейді.
Ұқсас жаңалықтар

13 палестиналықты қамауға алды
Палестина тұтқындар қоғамы Израиль күштерінің түнде рейд жүргізгенін білдірді.
Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты
Столтенберг Дубай қаласында араптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.