Италияда қарулы шабуыл

Үш адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды.

1917640
Италияда қарулы шабуыл

Италияның астанасы Римде кафелердің бірінде өтіп жатқан «тұрғын үй жиналысына» шабуыл жасаған қарулы адам үш әйелді өлтіріп, төрт адамды жаралады.

Фидене ауданындағы кафеге шабуыл жасаған тұрғын адамның үй басшыларымен арасында мәселесі бар 57 жастағы азамат екені айтылған. Күдікті ұсталды.

Рим қаласының мэрі Роберто Гуальтиери оқиғаны «қорқынышты» деп сипаттап, дүйсенбі күні кезектен тыс жиналыс өткізетіндерін хабарлады.

Шабуылдаушыны полиция оқиға орнына жеткенше кафедегі адамдар залалсыздандырды. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.

Италия Премьер-министрі Джорджия Мелони қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайтыс болған Николетта Голисаноның да өзінің досы екенін білдірді.

Болжам бойынша, шабуылдаушы полиганнан қару ұрлаған.

Премьер-министр Мелони полигонның жабылғанын және тергеудің жалғасып жатқанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар