Африка елдерінде азық-түлік мәселесі

Жаһандық аштық индексінің соңғы есебі Африкадағы азық-түлік мәселесіне назар аударды.

1895514
Африка елдерінде азық-түлік мәселесі

Африкадағы кейбір елдердің келесі жылы азық-түлік мәселесіне көбірек тап болуы мүмкін екені хабарланды.

Жаһандық аштық индексінің соңғы есебі Африкадағы азық-түлік мәселесіне назар аударды.

Орталық Африка Республикасы, Чад, Конго Демократиялық Республикасы және Мадагаскарда азық-түлік мәселесінің күрделенгені білдірілген есепте Бурунди, Сомали және Оңтүстік Судан сияқты елдерде проблеманың артуы мүмкін екеніне назар аударылды.

Есепте Замбия, Гвинея-Бисау, Сьерра-Леоне, Нигерия, Орталық Африка Республикасы, Лесото және Либерия сияқты елдерде азық-түлік проблемалары бар екені баса айтылды.

Африка елдерінде ішкі қақтығыстар, лаңкестік шабуылдар, көші-қон, қуаңшылық, халық санының жылдам өсуі, жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті және Ресей-Украина соғысы сияқты факторлар азық-түлік дағдарысын нашарлатуда.



Ұқсас жаңалықтар