Марокконың солтүстігінде орман өрті болды

Мәлімдемеде 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны, үшеуінің толық бақылауға алынғаны атап көрсетілді.

1856757
Марокконың солтүстігінде орман өрті болды

Марокконың солтүстігіндегі өрттердің 6 мың 600 гектар орман алқабын зақымдағаны хабарланды.

Марокко Ұлттық су және орман шаруашылығы агенттігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде елдің солтүстігіндегі Эль-Арайш, Веззан, Таза, Татван және Шафшаван қалаларында 6 күннен бері жалғасып жатқан орман өрттері туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде өрт сөндірушілердің аталған қалалардағы 6 өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны, үшеуінің толық бақылауға алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде өрттің маңайдағы ауылдарға таралуына жол бермеу және облыс халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда ұсталып, 20 ауыл қауіпсіз жерге көшірілгені айтылды.

Мароккодағы ормандар ел жерінің 12 пайызын құрайды.

Жыл басынан бері орман өрттері болатын елде жыл сайын шамамен 165 өрт оқиғасы орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар