Олаф Шольц Еуроодақты мақтады

Еуроодақ лидерлері Ресей-Украина соғысы, Украинаға жәрдем беру, Ресейге санкцияларды талқылау мақсатымен Брюссельде жиналды.

1834957
Олаф Шольц Еуроодақты мақтады

Германия  премьер-министрі Олаф Шольц 24 ақпанда Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысында Еуропа Одағының (ЕО) осы уақытқа дейін бірге болуы жақсылықтың нышаны екенін айтты.

Премьер-министр Олаф Шольц  Бельгия астанасы Брюссельде ұйымдастырылған Еуроодақ лидерлер саммиті алдында журналистерге жасаған мәлімдемесінде саммитте Ресейдің Украинаға бастаған соғысына қарсы саясаттарды қолға алатындарын білдірді.

"Ресейдің Украинаға бастаған соғысына қарсы Еуропа Одағының бірге болуы жақсылықтың нышаны" деген Германия премьер-министрі болашақта да осылай болуынан үмітті екенін айтты.

Олаф Шольц  Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы тақырыбында бірге әрекетжасау бұзыла ма? жеген ескертуге жауабында бұл жайлы кездесулер өтіп жатқанын білдірді.

Германия  премьер-министрі Олаф Шольц ортақ әрекетке шешім жасалғанда барлық елдің ерекше жағдайы ескерілуі керектігін білдіріп:

"Бұрын да осылай істедік, болашақта да мұны жалғастырамыз" деді.

Еуроодақ лидерлері Ресей мен Украина соғысы, Украинаға жәрдем беру, Ресейге  санкциялар, энергия, азық-түлік қауіпсіздігі және қорғанысты қамтыған тақырыптарды талқылау мақсатымен Брюссельде екі күндік саммит үшін жиналды.



Ұқсас жаңалықтар