Грузияда наразылық шерулері жалғасып жатыр

Заң жобасын «Ресей заңы» деп сипаттаған шерушілер Грузия, Еуропа Одағы (ЕО), Украина және басқа елдердің туларын көтеріп жүрді.

2139172
Грузияда наразылық шерулері жалғасып жатыр

Грузияның астанасы Тбилисиде үкімет парламентке ұсынған «шетелдік ықпалдың ашықтығы» туралы заң жобасына наразылық шерулері жалғасуда.

Биліктегі «Грузин арманы» партиясы өткен айда парламентке ұсынған «шетелдік ықпалдың ашықтығы» туралы заң жобасына қарсы шерулер бір айға жуық уақыт бойы жалғасып жатыр.

Тбилисидің әртүрлі көшелерінде кешке жиналған шерушілер Парламент ғимаратына жүрді. Шеру барысында шерушілер заң жобасына қарсы ұран салды.

Заң жобасын «Ресей заңы» деп сипаттаған шерушілер Грузия, Еуропа Одағы (ЕО), Украина және басқа елдердің туларын көтеріп жүрді.

Шерушілер бұл заң жобасы «елдің ЕО-мен интеграциясына кері әсер етеді» деп, үкіметті заң жобасын Парламенттен кері қайтарып алуға шақырды.

Тбилисидегі шеру жаңбырлы ауа райына қарамастан жалғасын тапты.

Сонымен бірге Грузияның әртүрлі университеттеріндегі студенттер сабаққа бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Премьер-министр Ираклий Кобахидзе Тбилисиде жалғасып жатқан шерулерге қатысқан шерушілерді полицияға қарсы зорлық-зомбылық жасады деп айыптады.

Ол қоғамның басым бөлігінің осы заң жобасын қолдайтынын атап өтті.

Парламент бүгін заң жобасы үшін соңғы рет жиналады.

Президент Саломе Зурабишвили болса заң жобасына қарсылығын білдірді. Алайда биліктегі партия парламентте президент Зурабишвилидің заңға вето қою шешімін еңсеру үшін басымдыққа ие.

Заң жобасына қарағанда, Грузияда құрылған, қаражатының 20 пайыздан астамын шетелден алатын ұйымдар «шетелдік державаның мүддесін көздейтін ұйым» ретінде тіркелуі керек. Заң жобасына сәйкес бұл ұйымдарды тіркеу процестерін Грузияның Әділет министрлігі бақылайтын болады.



Ұқсас жаңалықтар