Ресей армиясының шығындары

Украина Әскери-теңіз күштері өртенген кемесінің көріністерін жариялады.

1801102
Ресей армиясының шығындары

Украина Бас штабы  24 ақпан мен 24 наурыз аралығындағы Ресей армиясының шығыны туралы ақпарат жариялады.

Осы ақпаратқа сәйкес Украинаға шабуыл жасаған Ресей армиясынан 15 800 сарбаз қаза тауып, ресейліктерге тиесілі 108 ұшақ, 124 тікұшақ, 530 танк, 1597 броньды көлік, 280 зеңбірек, 82 зымырандық жүйе және 47 әуе қорғаныс жүйесі жойылды.

Сондай-ақ ресейлік күштер 1033 көлік, 4 жеңіл жүрдек қайық, 72 жанармай тасымалдайтын көлік және 50 ұшқышсыз ұшақтан айрылып қалды.

Украина Әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесінде «Басқыншылардың Қаратеңіз флотының «Орск» атты үлкен десанттық кемесі оккупациядағы Бердянск портында жойылды» деп айтылды.  Бердянск портындағы кеменің өртенуі мен жарылыстардың суреттерін де  Украина Әскери-теңіз күштері Facebook-тегі аккаунтынан таратты.



Ұқсас жаңалықтар