Ресей АҚШ-қа нота берді

Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінен жоғары лауазымды бір дипломаттың шақырылып нота берілгені жариялады.

1801014
Ресей АҚШ-қа нота берді

Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) шекарадан шығарылған орыс дипломаттарға қарсы жауап ретінде «қалаусыз адам» деп жарияланған америкалық дипломаттардың тізімін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ресейдегі елшілігіне берді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінен жоғары лауазымды бір дипломаттың шақырылып, өзіне нота берілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Вашингтонның БҰҰ Бас хатшылығы мен Нью-Йорктегі БҰҰ тұрақты өкілдігінде жұмыс істейтін ресейлік дипломаттарды депортациялауына қарсы «қалаусыз адам» деп жарияланған американдық дипломаттардың тізімі нотаға енгізілгені хабарланды.

Сонымен қатар, нотада АҚШ-тың Ресейге қарсы кез келген дұшпандық әрекетіне қатаң жауап қайтарылатыны да айтылған.



Ұқсас жаңалықтар