Байден: Ресей гипер дыбыстық зымыран қолданды

АҚШ президенті Джо Байден елдегі кәсіпорындар және компания басшыларымен бас қосты.

1799598
Байден: Ресей гипер дыбыстық зымыран қолданды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Ресейдің Украинада гипер дыбыстық зымырандар қолданып жатқанын, мұның себебінің Ресейдің амалсыздығы екенін айтты.

Джо Байден елдегі кәсіпорындар және компаниялардың 238 басшысымен Ақ үйде өткен дөңгелек үстел отырысында бас қосып, 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы аясында басылған қадамдарды бағалады.

Украина армиясының орыс танктері мен тікұшақтарын атып түсіргенін, Ресей армяны «дүр сілкіндіргенін» атап көрсеткен Байден «Байқасаңыз, Ресей Украинада гипер дыбысты зымыран қолданды. Бұл олардың қолынан келетін жалғыз нәрсе болды. Бұл жанамалы бір қару. Басқа қарулардан жалғыз айырмашылығы тоқтатылуы мүмкін емес. Ресей армиясының мұны пайдалануының өзіндік себебі бар еді. Олар дәл қазір амалсыз бұрышта тұр. Путин мұндай күш пен бірігуді болжай алмады» деді.

Джо Байден сондай-ақ Ресейдің АҚШ-тың маңызды инфрақұрылымдарына кибершабуыл жасауы мүмкін екенін ескертіп, «Менің әкімшілігім маңызды инфрақұрылымдарға қарсы кибер шабуылдарды тойтару, алдын алу және қажет жағдайда қарсы шабуыл үшін қолындағы барлық құралдарды пайдаланады» деді.

АҚШ президенті кейін Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания басшыларымен Украинадағы соңғы жағдайды талқылады.

Ақ үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Байден Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц, Италия премьер-министрі Марио Драги және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен телефон арқылы сөйлесті.

Ресейдің «қатыгез тактикасы» мен Украинадағы бейбіт тұрғындарға шабуылдарына алаңдаушылық білдірген басшылар Украинаға қауіпсіздік пен гуманитарлық көмекті жалғастырудың маңыздылығын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар