Запорожье атом электр станциясы өртеніп жатыр

Украина президенті Владимир Зеленский "Еуропадағы ең ірі атом станциясы өртеніп жатыр" деді.

1789551
Запорожье атом электр станциясы өртеніп жатыр

Бүгін Ресейдің Украинаға соғыс жариялауының 9-шы күні. Ресей әскері Запорожье атом электр станциясын атқылағаннан кейін станциядағы энергоблок пен оқу-жаттығу корпусында өрт басталған.

Запорожье АЭС-і--Еуропадағы ең ірі атом станциясы. Бұған дейін бақылау камераларынан АЭС жаққа қарай зымырандар ұшып жатқаны байқалған.

АЭС-тің атқылануына байланысты Украина президенті Владимир Зеленский видеомәлімдеме жасады: "Еуропадағы ең ірі атом станциясы өртеніп жатыр. Ресей танкілері атом блоктарын атқылап жатыр. Ол танкілерде тепловизор бар. Олар нені атып жатқанын біледі. Олар соған дайындалған. Барша украин азаматтарына, еуропалықтарға және Чернобыль деген сөзбен таныс барлық азаматқа қайырыламын. Ол жарылыс ғаламдық апатқа айналған. Оның салдарымен жүздеген мың адам күресті. Ресей соны қайталағысы келеді. Тарихта алғаш рет мемлекет ядролық террормен айналысып жатыр. Ресейлік насихатшылар әлемді радиоактивті күлге айналдырып жіберетінін айтқан. Енді бұл қоқан-лоқы емес – нағыз шындыққа айналды" деді ол.

Соғыстың алғашқы күндері Ресей әскері Чернобыль АЭС-ін басып алған. Олар сол кезде Энергодар қаласындағы Запорожье АЭС-ін басып алуға тырысқан. Бірақ ол жақта жергілікті тұрғындар станцияға баратын жолдарға көлік қойып тастап, өздері де жолға шығып бекітіп, әскерді өткізбеген. Қазір олар қайта шабуылдай бастаған.

 



Ұқсас жаңалықтар