Ковид-19 Ухань қаласындағы мал базарынан шыққан

Майкл Уробей: "Барлық дәлелдерге қарағанымызда коронавирус індетінің Қытайдың Ухань қаласындағы бір мал базарынан шыққанын айқын көрудеміз" деді.

1786491
Ковид-19 Ухань қаласындағы мал базарынан шыққан

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің шығу тегі Қытайдың Ухань қаласындағы бір мал базары екені пайымдалды. 

Америка Құрама Штаттарында шығатын Нью-Йорк Таймс газеті Ковид-19 індетінің шығу тегіне байланысты әлі жарияланбаған екі жаңа халықаралық зерттеуді негіз еткен бір хабарға орын берді.

Хабарда аталмыш зерттеуде Ковид-19 індетінің шығу тегі "өте айқын түрде "Ухань қаласындағы бір мал базары екені және вирустың Қытай үкіметіне қарасты зертханадан шықпағаны білдірілгені жарияланды.

Аризона университетінің биологы және аталмыш екі еңбектің авторы Майкл Уробей Нью-Йорк Таймс газетіне жасаған мәлімдемесінде:

"Барлық дәлелдерге қарағанымызда коронавирус індетінің Қытайдың Ухань қаласындағы бір мал базарынан шыққанын айқын көрудеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар