Ресей "Қатысымыз жоқ" деді

Украинаның кейбір маңызды органдары кибер шабуылға ұшыраған еді.

1779786
Ресей "Қатысымыз жоқ" деді

Ресей президенттік сарайы Украинаға жасалған кибер шабуылдарға Ресейдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Украина Қорғаныс министрлігінің, Украина қарулы күштерінің веб-сайттары, Приватбанк пен Ошатбанктің интернет-банкинг жүйелері кибер шабуылға ұшыраған еді.

Украинаның стратегиялық байланыс орталығынан жасалған мәлімдемеде шабуылдың артында Ресей болуы мүмкін екені алға тартылған болатын.

Кремль бүгін бұл айыптауларды жоққа шығарып, Ресейдің Украинаға жасалған кибер шабуылдарға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Украинада 14 қаңтарда кейбір министрліктердің, соның ішінде Сыртқы істер министрлігінің сайттары да кибер шабуылға ұшырап еді.



Ұқсас жаңалықтар