Байден мен Макрон сөйлесті

Байден мен Макрон Украина дағдарысына байланысты телефон арқылы сөйлесті.

1779404
Байден мен Макрон сөйлесті

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден мен Франция президенті Эммануэль Макрон Украина мен Ресей арасындағы шиеленістегі соңғы оқиғаларды талқылады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Байден мен Макрон Украина дағдарысына байланысты телефон арқылы сөйлесті.

Байден мен Макрон ресейлік және украиндық серіктестерімен жақында өткізген келіссөздерін бағалап, Украинаға қатысты дипломатияға шақыруларын қайталады.

Байден мен Макрон Ресейдің Украина шекарасында әскери күштерін арттыруына жауап ретінде одақтас және серіктес елдермен тығыз үйлестіру арқылы жасалған дипломатия мен тосқауылдық қадамдарды талқылап, сонымен бірге НАТО-ның шығыс қанаты нығайтылуы және Ресей Украинаға басып кірген жағдайда қабылданатын қатаң экономикалық шараларды қарастырды.  



Ұқсас жаңалықтар