Украина да әскери жаттығу өткізеді

Алексей Резников Ресей мен Беларусь ортақ әскери жаттығу  жасайтын кезде Украина армиясының да әскери жаттығу өткізетінін хабарлады.

1775319
Украина да әскери жаттығу өткізеді

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Ресей мен Беларусь ортақ әскери жаттығу  жасайтын кезде Украина армиясының да әскери жаттығу өткізетінін хабарлады. 

Резников Украина ICTV телеарнасына жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Беларусьтың 10-20 ақпан күндері аралығында әскери жаттығу өткізетінін еске салды.  

Украинаның да әскери жаттығуға дайын екенін білдірген Резников "Біздің де сол кезде әскери жаттығуымыз болады. Жаттығуға "Bayraktar" қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары, "Javelin" және "NLAW" танк соғар жүйелері қабілетін көрсетеді" деп көрсетті.  

Ресей мен Беларусь ұйымдастыратын "Одақтастық табандылығы-2022" атты ортақ әскери жаттығу 10 ақпанда басталады. 

 



Ұқсас жаңалықтар