Мексикадағы түрмеде шыққан қақтығыста 8 тұтқын қаза тапты

Қару мен кескіш құралдар қолданылған қақтығыста 7 адамның жараланғаны білдірілді.

1768641
Мексикадағы түрмеде шыққан қақтығыста 8 тұтқын қаза тапты

Мексиканың Колима қаласындағы түрмеде жазасын өтеушілер арасында басталған төбелес салдарынан 8 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Қаладағы Әлеуметтік интеграция орталығында (CERESO) топтар арасында төбелес басталды.

Қару мен кескіш құралдар қолданылған қақтығыста 8 тұтқын қаза тауып, 7 адамның жараланғаны білдірілді.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеде қаза болған тұтқындардың отбасыларына көңіл айтылып, оқиғаға байланысты тергеу басталғаны білдірілді.

Лауазымдылар түрмедегі жағдайдың бақылауға алынғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар