Реиси мен Пашинян телефонда сөйлесті

Иран президенті Ибрахим Реиси мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян аймақтық тақырыптарды кеңесті.

1756472
Реиси мен Пашинян телефонда сөйлесті

Иран президенті Ибрахим Реиси мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян телефонда аймақтық оқиғаларды кеңесті.

Иран Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде Ибрахим Реиси мен Никол Пашинянның екі жақтылы қарым-қатынастар және Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік кездесулерін қолға алғаны білдірілді. 

Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөз процесінің ілгерлеуіне риза екенін айтқан Реиси:

"Екі ел арасындағы мәселелердің халықаралық ережелер мен құқық аясында бейбіт жолмен шешілуін үміт етеміз. Аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке куә болуды тілейміз" деді.

Никол Пашинян да Реисиге Әзербайжанмен келіссөз жайлы мәлімет берді және ынтымақтастық салаларын кеңейту арқылы екі жақтылы байланыстар орнатып, аймақта бейбітшілік пен тыныштық үшін маңызды қадам басатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар