АҚШ Ауғанстаннан 48 мың адамды эвакуациялады
Америка Құрама Штаттары 14 тамыздан осы таңға дейін Ауғанстаннан 48 мың адамды эвакуациялағанын жариялады.
1696200
![АҚШ Ауғанстаннан 48 мың адамды эвакуациялады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/8b8f/3049/3e53/61248f17a8ea8.jpg?time=1718456016)
Ақ Үйдің мәлімдемесіне қарағанда АҚШ соңғы 24 сағатта Кабул Хамид Карзаи халықаралық әуежайынан тағы 10 мың 900 адамды эвакуациялады.
Мәлімдемеде соңғы 24 сағатта 15 әскери ұшақпен 6 мың 600 адамды, коалиция ұшақтарымен 4 мың 34 адамды эвакуациялағаны және АҚШ-тың 14 тамыздан осы таңға дейін Ауғанстаннан 48 мың адамды эвакуациялағаны білдірілді.