Палестина АҚШ-қа ескерту жасады

Палестина премьер-министрі Мұхаммед Иштиййе Палестинадағы зұлымдықты тоқтатуға шақыру тастады.

1684399
Палестина АҚШ-қа ескерту жасады

Палестина АҚШ пен халықаралық қоғамды Израильдің жауланып жатқан Шығыс Иерусалимде жасаған зұлымдық саясатын тоқтатуға шақырды.

Палестина премьер -министрі Мұхаммед Иштиййе жауланып жатқан Батыс Шерияның Рамаллах қаласында ұйымдастырылған апталық баспасөз жиналысында Израильдің жауланып жатқан Шығыс Иерусалимде зұлымдық саясататқарғанына назар аударып, АҚШ пен халықаралық қоғамды осы зұлымдықты тоқтатуға шақыру тастады.

Шейх Джеррах пен Силвандағы шектеуге тоқталған Мұхаммед Иштиййе:

"АҚШ пен халықаралық қоғам еврей мекендеушілердің Шейх Джеррах пен Силван аудандарында халқымызға жасаған зұлымдық, нәсілшілдік және этникалық тазалау саясатын тоқтатуға мәжбүр" деді.

Израиль соты "жаулап алу режимінің" жауланып жатқан Палестина территориясындағы халыққа бағыттаған шабуылдарын жасыру үшін талпынғанын айтқан Палестина премьер-министрі Израильдің Палестина халқының мал-мүлкін тонауға ұмтылғанын да атап айтты.

Палестина премьер-министрі Израильдің «Ұмытылу заңы» және басқа әдістермен палестиналықтардың үйі мен жерін алуға талпынғанын қайталап, "Израиль жаулап алу режимі Иерусалимдегі осындай әрекетін тоқтатқаны жөн, себебі мұндай құқығы жоқ" деді.



Ұқсас жаңалықтар