Байден мен Меркель кездесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден мен Германия премьер-министрі Ангела Меркель Ақ Үйде кездесті.

1676223
Байден мен Меркель кездесті

Джо Байден мен Ангела Меркель  кездесуде  Солтүстік ағын 2, Ресеймен қарым-қатынастар, АҚШ-тың Ауғанстаннан шегіну процесі, Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті және халықаралық тақырыптарды қолға алды. 

Байден мен Меркель кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналыс ұйымдастырды. 

Джо Байден Германиядағы сел апатына орай Меркельдің көңілін сұрады.

Байден Солтүстік ағын 2 құбыр желісін меңзеп "Ресейдің энергияны қару ретінде қолдануына рұқсат бермеуіміз керек" деді. 

Гаитинің әскери талабына тоқталған Байден "Бұл елге әскер жіберу күн тәртібімізде жоқ" деген сөздер қолданды. 

Меркель Байден билікке келгеннен кейін АҚШ-ға барған алғашқы Еуропа лидері болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар