Израиль Қызыл жарты ай қоғамына шабуылдады

Шабуыл өртке себеп болды.

1646206
Израиль Қызыл жарты ай қоғамына шабуылдады

Израиль әскерлері Палестина Қызыл жарты ай қоғамының Тубас қаласындағы орталығын нысана алды. Оккупациядағы Батыс Шерия жерінде орналасқан орталыққа көз жасаурататын газ бомбасы лақтырылды.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамы Израиль әскерлерінің осы шабуылынан көптеген медициналық қызметкердің тұншыққанын білдірді.

Лақтырылған бомба орталықта өртке себеп болды. Бұл оқиға халықаралық құқықты аяққа таптау деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар