Әл-Ақса мешітіне шабуылда 278 адам жарақат алды

Әл-Акса мешітін қорғау мақсатты жиналған мыңдаған палестиналық тағы шабуылға ұшырады.

1637237
Әл-Ақса мешітіне шабуылда 278 адам жарақат алды

Иерусалимнің шығысындағы әл-Ақса мешіті ауласын мен айналасындағы оқиғаларда Израиль полициясының шабуылынан 278 адам жарақат алды.

Израиль полициясы фанатик еврейлер басып алған Иерусалимнің шығысында орналасқан әл-Ақса мешітіне жаңа шабуылдардың алдын алу үшін Әл-Харам мешітінде жиналған палестиналықтарға операция жасады.

Израиль полициясы Иерусалимнің шығысындағы Ескі қала аймағында орын алған әл-Ақса мешітіндегі мыңдаған палестиналыққа операция жасады.

Таңертеңгі намазды Иерусалимнің шығысында Ескі қаладағы әл-Ақса мешітінде оқыған мыңдаған палестиналық намаздың артынан әл-Ақса мешітінің ауласында тәкбір оқып демонстрация ұйымдастырды.

Палестиналықтар демонстрацияның артынан фанатик еврейлердің шабуылдауының алдын алу үшін әл-Ақса мешітін күзете бастады.

Харам мешітінің кейбір жерлеріне баррикадалар құрған палестиналықтар бұл жерден қайтпайтындарын атап, «Жанымыз, қанымыз сенің жолына пида болсын әл-Ақса» деп ұранда тастады.

Кейінірек әл-Ақса мешітіне операция жасаған Израиль полициясы палестиналықтарға көзден жас ағызатын газ, пластикалық оқ және есеңгірететін гранаталармен шабуылдады.

Израиль полициясы оқиғаларды қадағалаған Анадолы агенттігі камера тілшісі Файиз Әбу Румейлеге де шабуылдап соққыға жықты, агенттіктің фотосуретшісі Мұстафа әл-Харуфты да пластикалық оқпен жаралады.

Оккупациялық күштермен шыққан қақтығыс кезінде 278 адам жарақат алды.

Фанатикалық еврейлер Израильдің Иерусалимнің шығысын басып алған 1967 жылғы «Алты күндік соғыстың» жылдығын Еврей күнтізбесі бойынша «Иерусалим күні» деп тойлауда.



Ұқсас жаңалықтар