Ердоған Климат саммитіне қатысады

Климат саммитінде алдағы 10 жыл ішінде көміртегі шығарындыларының азайтылуы тақырыптары талқыланады.

1625976
Ердоған Климат саммитіне қатысады

Президент Режеп Тайып Ердоған интернет арқылы ұйымдастырылатын Климат саммитіне қатысады.

Климат саммиті АҚШ президенті Джо Байденнің 26 наурызда 40 ел лидеріне және Еуропа Одағына жолдаған шақыруына сай АҚШ-тың үй иелігінде бүгін ұйымдастырылады.
АҚШ Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Климат саммитінде алдағы 10 жыл ішінде көміртегі шығарындыларының азайтылуы, климат іс-шараларының жұмыс беру саласындағы экономикалық пайдалары, трансформациялау технологиялары және жаһандық климат өзгерістері үшін жұмыстанатын мемлекеттерден тыс актерлердің таныстырылуы басты тақырып болатыны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Саммиттің басты мақсаты ірі экономикаларды, әсіресе әлемдегі көміртегі шығарындыларының 80 пайызын өндірген және таза ұлттық кірістің 80 пайызына ие "Ірі Экономикалар Климат және энергия форумы" мүшелерін жылдық жаһандық ысынуды 1.5 цельсий градусқа төмендетуге көндіру" екені хабарланды.

Саммитке президент Ердоған, Қытай президенті Ши Жинпинь, Ресей президенті Владимир Путин, Католик әлемінің рухани лдері Папа Франциск қатарлы 40 ел лидері қатысады. 

Президент Ердоған алғашқы отырыста баяндама жасайтын саммиттің бетін АҚШ президентінің орынбасары Камала Харрис ашады.



Ұқсас жаңалықтар