Аракан мұсылмандарына ыстық тамақ

ТИКА аймақтағы асхананы қысқа уақытта жөндеп, жұмыс істейтін жағдайға келтірді.

1608639
Аракан мұсылмандарына ыстық тамақ

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА  Бангладеште Аракан мұсылмандары тұратын лагерьде шыққан өрттен кейін баспанасыз қалған шамамен 20 мың адамға күн сайын екі мәрте ыстық тамақ береді.

ТИКА аймақтағы асхананы қысқа уақытта жөндеп, жұмыс істейтін жағдайға келтірді. Әлемдік азық-түлік бағдарламасымен бірге 20 мың босқынға екі мәрте ыстық тамақ таратылады.

Бангладеш лауазым иелері ыстық тамақ тарату ісінің шамамен он бес күн болатынын айтты.

ТИКА осы мерзімде Аракан босқындарына ыстық тамақ таратады.

Бурма Адам құқықтары желісінің атқару директорыКиав Вин Кокс Базар лагерінде 23 наурыз күні шыққан өртте 28 адамның қаза тапқанын білдірді. 40-тан астам адам жарақат алды.  Шамамен 15 мың баспана қолданылмайтын жағдайға келді.



Ұқсас жаңалықтар