"Еуроодақ Түркияға қолдау беріп, босқындардың жүгін көтеруге тиісті"

Еуроодақ Жоғары өкілі Джосеп Боррель Түркиямен қарым-қатынастарды бағалады.

1604272
"Еуроодақ Түркияға қолдау беріп, босқындардың жүгін көтеруге тиісті"

Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Джосеп Боррель Еуроодақтың босқындарға қонақжайлық жасағаны үшін Түркияға көмектесуге мәжбүр екенін білдірді.

Жоғары өкіл Джозеп Боррель Еуроодақтың Ливияға бағытталған қару эмбаргосын бақылау үшін құрған Ирини операциясының штаб орталығын аралады.

Боррель осындағы журналисттер қойған бір сұраққа Түркия мен Еуроодақ арасындағы босқын келісімінің арқасында заңсыз көштің тоқтағанын және көптеген адамның өмірін сақтап қалғанын білдірді. «Бұл келісім қазір күшінде және жалғасуға тиісті» деді ол.

Жоғары өкіл Түркияның 4 миллионнан астам босқынға қонақжайлық жасағанын атап, Еуроодақ Түркияға қолдау беріп, босқындардың жүгін көтеруге тиісті» деді.

Луиджи Ди Майомен кездесуінің артынан жасаған мәлімдемеде болса дүйсенбі күні өтетін Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркия-Грекия қарым-қатынастардың қолға алынатынын білдірді және «Түркиямен қарым-қатынастарда жақсы» деді.



Ұқсас жаңалықтар