Ресейдің ЕО-тың санкциялық шешіміне кек қайтаруы

Ресей Еуроодақтың санкция шешіміне жауап ретінде кейбір неміс қауіпсіздік және барлау агенттіктерінің жоғарғы басшылары үшін елге кіруге тыйым салды.

1554667
Ресейдің ЕО-тың санкциялық шешіміне кек қайтаруы

Неміс Федеральдық Мәжілісі 2015 жылы әртүрлі кибер шабуылдарға ұшырады және мекеменің ақпараттық инфрақұрылымы құлдырады. Берлин әкімшілігі 2015 жылы Неміс Федеральдық Мәжілісіне жасалған кибер шабуылда ресейлік ізі бар деп мәлімдеген болатын.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Еуроодақ Ресейге қарсы біржақты жаңа бір санкция пакеті үшін бұл жағдайды сылтауратты. 2020 жылы қазан айында Еуроодақ Кеңесі екі орыс азаматы мен бір орыс фирмасы туралы санкция шешімі қабылдады.

Еуроодақтың санкция шешіміне қарсы жауап ретінде Ресей жеріне кіруге тыйым салынған неміс азаматтарының тізімін кеңейтті. Германияның қорғаныс министрлігі жүйесіне кіретін қауіпсіздік және барлау қызметтерінің кейбір жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге кіруiне тыйым салынды.

Мәлімдемеде санкциялар тізіміне енгізілген басшылардың аты-жөндері туралы мағлұмат жарияланбады.



Ұқсас жаңалықтар