Үндістанда вирустан 141 мың 772 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 576 мың 180-нен асты.

1542995
Үндістанда вирустан 141 мың 772 адам қайтыс болды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 577 мың 902-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 69 миллион 344 мың 230, сауығып кеткендердің саны 48 миллион 98 мың 460-қа жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 141 мың 772-ге жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 767  мың 372 болып тіркелді.

Ресейде эпидемиядан 45 мың 280 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 569 мың 126-ға  жетті.

Иранда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 51 мың 917-ге ұласты. 

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 54 мың 963-ке көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 320 мың 174 болып тіркелді.

Құрлықта Ковид-19 эпидемиясы салдарынан ең көп Оңтүстік Африкада қайтыс болды. Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 22 мың 574-ке көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 6 мың 832, Мароккода болса 6 мың 427 адам қайтыс болды.

Қытайда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 4 мың 634-ке,  вирус жұқтырғандар саны да 86 мың 673-ке ұласты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар