Иран Фахризаденің ізін жалғастырады

Хатеми: "Шәйітіміздің ізін белді бекем байлау жігерімен жалғастырамыз. Елдің дамуы үшін тіпті күшті және жылдам түрде жұмыстанамыз" деді.

1537101
Иран Фахризаденің ізін жалғастырады

Иран Қорғаныс министрі Емир Хатеми қастандықпен өлтірілген ядролық бағдарламалар ғалымы Мухсир Фахризаде бастамашы болған жұмыстарды жалғастыратындарын және оның ізімен жүретіндерін айтты.

Иранның ресми хабар арнасы ИРНА-ның хабарына қарағанда  Хатеми Фахризаде үшін Қорғаныс министрлігінде ұйымдастырылған жаназа рәсімінде сөз сөйледі.

Хатеми қастандық жасаушылардың Иранның ядролық жұмыстарындағы "шешімін" нысанаға алғанын білдіріп:

"Шәйітіміздің ізін белді бекем байлау жігерімен жалғастырамыз. Елдің дамуы үшін тіпті күшті және жылдам түрде жұмыстанамыз" деді.

Фахризаденің елдегі жастар мен әріптестері үшін символ болғанын айтқан Хатеми:

"Иран халқы ешбір қылмысты, террорды және ақымақтықпен жасалған әрекетті кешірмейді. Қылмыстыларды бақылайтынымызды және оларды қылмыстары себепті жазалайтынымызды білсін" деді. 

Сөзінің соңында қастандық себепті айыптау мәлімдемесін жариялаған елдер мен топтарға алғыс айтқан Хатеми қастандыққа үнсіз қалған елдер мен халықаралық ұйымдарға наразылық көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар