Үндістанда вирустан 133 мың 773 адам қайтыс болды

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 394 мың 782-ден асты.

1532534
Үндістанда вирустан 133 мың 773 адам қайтыс болды

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 394 мың 782-ден, расталған оқиға саны 59 миллион 56 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 40 миллион 821 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 133 мың 773-ке өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 9 миллион 140  мың 312-ге көтерілді.  

Газада коронавирустан 69 адам қайтыс болды. Елде оқиға саны 15 мың  457-ге ұласты.

Коронавирус салдарынан 2 мыңнан астам адам қайтыс болған және әр күні  2 мың адам вирус жұқтырған Жапонияда ішкі туризмді ынтыландыруға бағытталған «Саяхат жасаңдар» және «Түрлі тамақ жеңдер» деген шаралар тоқтатылатын болды.  

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандар саны 49 мың 802-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 82 мың 702-ге ұласты. Коронавирустан өлім-жітім ең көп Оңтүстік Африкада тіркелді. Осы елде 20 мың 903 адам қайтыс болды. Мысырда 6 мың 548, Мароккода 5 мың 315  адам қайтыс болды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар